«Вьетнам теларнасы кубогында» Қазақстан құрамасы жартылай финалда ойнап жатыр

Фотография - «Вьетнам теларнасы кубогында»  Қазақстан құрамасы жартылай финалда ойнап жатыр

Бүгін Ниньбинь қаласында волейболдан «Вьетнам телеарнасы кубогы» халықаралық турнирінің жартылай финалдық ойындары өтуде

162 0

Бүгін Ниньбинь қаласында волейболдан «Вьетнам телеарнасы кубогы» халықаралық турнирінің жартылай финалдық ойындары өтуде.

Онда ел намысын қорғап жатқан Людмила Перевертова жаттықтыратын әйелдер арасындағы «Қазақстан-2» құрамасы Қытайдың «Jiangsu» клубымен, ал қытайлықтардың келесі бір клубы «Shandong» жарыс қожайындарының 20 жасқа дейінгі жастар құрамасымен күш сынасуда. Бұған дейін топтық сында өз қарсыластарын вьетнамдықтар 3:2 есебімен ұтса, қазақстандықтар 0:3 есебімен ойсырай жеңілген еді. Ал өзге ойындарда қазақстандықтар «Shandong» клубынан - 0:3, вьетнамдықтардан - 1:3, австралиялықтардан 2:3 есебімен сүрініп, тек тайландтықтарды 3:1 есебімен ұтқан болатын. Соның нәтижесінде Қытайдың қос клубы мен Вьетнам құрамасы 12 ұпайдан жинаса, қазақстандықтар 4 ұпаймен төртінші орын алып, тайландықтардан - 1, австралиялықтардан 2 ұпай артықшылығымен жартылай финалға жолдама алған еді. Кубок иегері сенбі күні жартылай финалдық ойындардың жеңімпаздары арасындағы кездесуде белгілі болады. Ал жартылай финалда жеңілгендер қола жүлдені сарапқа салады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!