Астанада дзюдошылар клубы ашылды

Фотография - Астанада дзюдошылар клубы ашылды

Қазақстанда еліміздегі мықты дзюдошыларды біріктіретін «TAҚ Astana Club» спорттық клубы ашылды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында клубтың вице-президенті Кинталь Исламов мәлім етті.

244 0

Қазақстанда еліміздегі мықты дзюдошыларды біріктіретін «TAҚ Astana Club» спорттық клубы ашылды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында клубтың вице-президенті Кинталь Исламов мәлім етті.

Клуб Тимур Құлыбаевтың бастамасымен құрылып отыр. Атауындағы «ТАҚ» әріптері де Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың аты-жөніндегі алғашқы әріптерді білдіреді.

Команданың бас жаттықтырушысы КСРО спорт шебері, ҚР дзюдодан еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сергей Раковтың айтуынша, клубқа еліміздегі мықты дзюдошылар, атап айтсақ, 2009 жылғы Әлем чемпионы, 2011 жылғы Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері Максим Раков, 2011 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2011 жылғы Азия Чемпионатының күміс жүлдегері Ислам Бозбаев, «World Masters» 2013 халықаралық турнирінің чемпионы, 2012 жылғы Азия чемпионы Сергей Лим және 2013 жылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері, 2013 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Ержан Шынкеев сынды спортшылар бар.

«Бұлардың барлығы біздің ұлттық құрамамыздың мүшелері болып табылады. Келесі жылы клубтың резервін жасамақ ойымыз бар, сол үшін Қазақстан чемпионатында көзге түскен 10 спортшыны іріктеп аламыз», - деп атап өтті С. Раков.

Клубтың мақсаты туралы сөз қозғаған вице-президент Кинталь Исламов Олимпиада ойындары мен әлемдік додаларға дайындалатын дзюдошылар осы клубпен тығыз байланысты болатынын алға тартты. «Спортклубтың алға қойған тағы бір мақсаты дзюдо мектебін ашу болмақ. Оған Астананың оқушылары мен студенттері қалаған уақытында келе алатын болады», - деді ол.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!