"Ертіс" ұтып "Ақтөбе" жеңіліп қалды

Фотография - "Ертіс" ұтып "Ақтөбе" жеңіліп қалды

Футболдан Керекудің «Ертіс» командасы өз алаңында босниялық «Широги Брег» клубымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті

166 0

Футболдан Керекудің «Ертіс» командасы өз алаңында босниялық «Широги Брег» клубымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ал «Ақтөбе» командасы сырт алаңда норвегиялық «Хедд» клубынан ұтылып қалды, деп хабарлады ұлттық спорт порталы "Аламан"

Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өткен матчты біздің команда сәтті бастаған. Бірінші тайм бітпей жатып, алаң иелері екі гол салды. 14 минутта Дмитрий Шомко айып добын сәтті орындап, есеп ашты. Ал 41 минутта Евгений Аверченко шығарған пасты сәтті пайдаланған Игорь Юрин таблодағы есепті еселеді. Осы нәтижемен қос команда үзіліске кеткен.

Екінші таймда қонақтар серпінді бастады. Ал «Ертіс» қорғанысы сетінеп, 56 минутта Крешимич Кордич есепті қысқартты. Арада он минут өтпей жатып Далибор Шилич таразы басын теңестіріп кетті.

Дегенмен, «Ертіс» барын салып, жеңісті жұлып алды. Үшінші голдың авторы – Ғафуржан Сүйінбаев.

Ал норвег елінде өткен «Ақтөбе» мен «Хедд» арасындағы ойынның тағдырын шешкен жалғыз голды Эспен Стандаль соқты

Қарымта ойындар 25 шілдеде өтеді.

«Ертіс» (Павлодар) — «Широки Бриег» (Широки Бриег, Босния) 3:2 (2:0)

Гол: Шомко 14 (1:0), Юрин 40 (2:0), Кордич 56 (2:1), Шилич 64 (2:2), Сүйімбаев 86 (3:2)

Ескертулер: Чернышов 28, Говедарица 90 — Блаич 34, Ландека 53

«Ертіс»: Котляр, Чернышов, Говедарица, Кулибали, Шомко, Кучера, Аверченко (Суюмбаев 76), Мухутдинов, Бакаев, Юрин (Шабалин 69), Мурзоев

«Широки Бриег»: Билобрк, Джидич И., Блаич (Шилич 60), Маркович, Закарич (Марич М. 71), Ландека, Вагнер (Чорич 90), Плазонич, Любич, Кордич

Бас төреші: Павел Рачковски (Польша)

Павлодар. Орталық стадион.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!