Веложарыста британдық Фрум топ жарды

Фотография - Веложарыста британдық Фрум топ жарды

 Ұлыбританияның өкілі Крис Фрум беделді «Тур де Франс» жарысында жалпы есеп бойынша топ жарды

250 0

 Ұлыбританияның өкілі Крис Фрум беделді «Тур де Франс» жарысында жалпы есеп бойынша топ жарды.

Көпкүндік тартыстың соңғы 21-ші кезеңінде Версаль мен Париж аралығындағы 133,5 шақырым бағындырылды.

28 жастағы Крис Фрум Кенияда дүниеге келген. Бірақ ол бірнеше жыл бұрын Еуропаға көшіп келді, деп хабарлайды ВВС.

Ал «Тур де Франсқа» алғаш рет жолы түскен колумбиялық Наиро Кинтана мәре сызығын екінші болып кесті. Ол үздік жас велошабандоз атанып, жылда биіктікке шығар кезеңдерде ерекше көзге түскен спортшыларға бұйыратын «Таулардың патшасы» мәртебесін иеленді.

Ресейлік «Катюша» құрамасының өкілі испандық Хаоким Родригес қола жүлдені қанағат тұтты - деп хабарлады ҚазАқпарат


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!