"Ертіс" "Удинеза" клубымен кездесуі мүмкін

Фотография - "Ертіс" "Удинеза" клубымен кездесуі мүмкін

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылып, қазақстандық командалардың қарсыластары анықталды. Дегенмен, ол үшін әлі жерлестеріміз екінші іріктеу кезеңінен сүрінбей өтулері тиіс

239 0

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылып, қазақстандық командалардың қарсыластары анықталды. Дегенмен, ол үшін әлі жерлестеріміз екінші іріктеу кезеңінен сүрінбей өтулері тиіс, деп жазды "Алашарена"


    Сонымен, егер ел чемпионы Қарағандының «Шахтері» Белоруссияның «БАТЭ»-сін айналып өтер болса, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Нефтчи» (Әзірбайжан) – «Скендербеу» (Албания) командаларының қай жеңгенімен кездесетін болады. Бірінші ойын шілденің 30-ы не 31-і күні «Шахтер»/«БАТЭ» алаңында өтеді. Жауапты ойын 6-шы не 7-ші шілдеге жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, бірінші ойында «Шахтер» белоруссиялықтарды түзде 1:0 есебімен жеңген. Енді жауапты матч 23 шілдеде Қарағандыда өтеді. Ал Әзірбайжанда өткен «Нефтчи» - «Скендербу» кездесуінде есеп ашылған жоқ.

      Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінің бірінші матчын түзде өткізіп, Норвегияның «Хедд» клубынан 0:1 есебімен жеңіліп қалған «Ақтөбе» 25 шілде күні өз алаңында норвегтерді тізе бүктірер болса, онда үшінші іріктеу кезеңінде «Брейдаблик» (Исландия) – «Штурм» (Аустрия) клубтарының қай жеңгенімен кездеседі. Бірінші ойын тамыздың 1-іне, жауапты матч 8-іне жоспарланған. «Хеддті» жолда қалдырса, «Ақтөбе» үшінші іріктеу кезеңін өз алаңында бастайды. Айта кетейік, Исландияда өткен «Брейдаблик» - «Штурм» кездесуінде есеп ашылмаған болатын.


     Ал кеше өз алаңында Широки Бриегті» жеңген Керекудің «Ертісі» 25 шілде күні өтетін түздегі ойында да сәтті өнер көрсетер болса, онда Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Италияның «Удинезе» клубымен кездеседі. Бірінші ойын 1 тамызда Кереку немесе Широки Бриегте өтпек, жауапты матч 8 тамызда Удинеде ұйымдастырылады. Жалпы, Антонио Ди Натале сынды саңлағы бар «Удинезе» Италия біріншілігінің соңғы маусымында 5-орынға табан тіреген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!