Бразилия жеріндегі футбол тойында билеттің бағасы арзан болмайын деп тұр

Фотография - Бразилия жеріндегі футбол тойында билеттің бағасы арзан болмайын деп тұр

Келер жылы Бразилияда өтетін футболдан әлем біріншілігінің бір билеті 90 доллардан кем болмайды

192 0

Келер жылы Бразилияда өтетін футболдан әлем біріншілігінің бір билеті 90 доллардан кем болмайды. Бұл жайында BBC хабарлады.

Ал, финалдық ойынды тамашалау үшін бірнеше есеге көп шығындану керек. 2014 жылдың 13 шілдесінде өтетін осынау кездесудің ең арзан билеті 440, ал ең қымбаты 990 долларды құрайтын болады деп хабарлады ФИФА.

Билеттер ағымдағы жылдың 20 тамызынан бастап сатылымға түседі. Олардың жалпы саны 3 миллион данаға жуықтамақ.

Айта кетейік, Бразилия азаматтарына жеңілдіктер бар. Мәселен, оқушылар мен жасы 60-тан асқан қарияларға билет бағасы небәрі 15 доллар. Ал, елдің өзге азаматтары үшін ойынға кіру құны 30 доллардан басталады.

2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өткен футболдан әлем біріншілігінде ең арзан билет құны 20 АҚШ долларын құраған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!