Әлем чемпионаты кезінде спортшы қаза болды

Фотография - Әлем чемпионаты кезінде спортшы қаза болды

Мәскеуде супербайктен өтіп жатқан әлем чемпионаты кезінде итальян Андреа Антонелли апатқа ұшырап қаза тапты

118 0

Мәскеуде супербайктен өтіп жатқан әлем чемпионаты кезінде итальян Андреа Антонелли апатқа ұшырап қаза тапты, деп хабарлады 24.kz

Жарыстың бірінші айналымы кезінде 25 жастағы Италья азаматы дымқыл тас жолға тайып құлап, үлкен жылдамдықпен артында жүйткіп келе жатқан бір топ мотоциклдің астында қалып қойған. Алдын ала болжам бойынша А.Антонеллидің өмірден озуына бас ми жарақаты себеп болуы мүмкін. Сарапшылар болған жағдайға күн райының әсер еткендігін айтуда. Ұйымдастырушылар жарысты өткізуге супербайк бойынша бас промоутер «Dorna Sports» компаниясының арнайы рұқсаты бар екендігін алға тартады. Қайғылы жағдайдан соң әлем чемпионаты тоқтатылды. Тергеушілер апатқа байланысты деректерді тексеруде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!