БАТЭ тағы да «Шахтерден» ұтылды

Фотография - БАТЭ тағы да «Шахтерден» ұтылды

Футболдан Қазақстан чемпионы қарағандылық «Шахтер» чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті. Екінші кезеңде олар жарыс жолынан Борисов қаласының БАТЭ командасын шығарып тастады

153 0

Футболдан Қазақстан чемпионы қарағандылық «Шахтер» чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті. Екінші кезеңде олар жарыс жолынан Борисов қаласының БАТЭ командасын шығарып тастады.

Түзде өткізген алғашқы ойындағы «Шахтердің» жеңісін кездейсоқтыққа балап, қарымта ойында беларустар өз дегеніне жетеді дегенді алға тартқандар көп еді. Алайда қарағандылық команда өз деңгейінің олармен салыстырғанда жоғары екенін дәлелдей алды.

Қарағандыда өткен қарымта ойында қонақтар салған жерден шабуылға көшіп жылдам гол салып алуды көздеген. Алайды оларға мұндай мүмкіндікті беріп қойып қарап отыратын алаң қожайындары ма? Олар да реті келгенде қарымта шабуыл ұйымдастырып, қорғаныста да ұқыпты өнер көрсетті. Ойынның алғашқы бөлігінде гол көре алмаған Қарағандының орталық алаңына жиналған жанкүйерлер дәл бұл күні соғылған голды көрмей ақ тарқасуға риза еді. Дегенмен, алаңда БАТЭ мен «Шахтердан» өзге тағы бір команда, яғни осы ойында төрелігін айтуы тиіс төрешілер тобы да бар еді. Дәл солар аяқ асты қонақтардың пайдасына он бір метрлік айып добын белгілеп қазақстандық жанкүйерлердің бір зәресін алды. Абырой болғанда Сергей Кривец  тепкен доп Александр Мокиннің оңай олжасына айналды. Дәл осыдан кейін қонақтар өздеріне деген сенімнен айырылып қалғандай көрінді. Ал бұл мүмкіндікті пайдасына жаратқан Игорь Зенькович ойынның аяқталуына он минуттай уақыт қалғанда қақпашының қателігін пайдаланып жеңіс голын соғып кетті.  Екі ойында да жеңіске жеткен «Шахтер» чемпиондар лигасының үшінші кезеңіне нық қадам басты. Енді олардың қарсыласы Албанияда соңғы үш маусым бойы чемпион атанған «Скендербеу» клубы. Олар өз кезегінде Әзірбайжанның «Нефтчи» клубын жеңген болатын. Үшінші іріктеу кезеңінің ойындары 30-31 шілдеде және 6-7 тамызда өтеді.

«Шахтер» – БАТЭ кездесуінің статистикасы:

Доп иелену көрсеткіші: 38% — 62%

Қақпаға соққы: 9 — 13

Қақпаға тура соққы: 3 — 3

Тәртіп бұзу: 12 — 13

Офсайд: 1 — 6

Бұрыштама доптары: 2 — 7

Сары қағаздар: 5 — 2

«Шахтер»  — БАТЭ (Борисов, Беларусь) 1:0 (0:0)

Гол: Зенькович 82 (1:0)

Пенальти соға алмады: Кривец 67

Ескертулер: Порываев 30, Джидич 54, Мокин 67, Малый 68, Симчевич 77 — Лихтарович 23, Родионов 68

«Шахтер»: Мокин, Василевич, Порываев, Джидич, Малый, Симчевич, Вичюс, Казарян (Зенькович 70), Каньяс (Байжанов 90), Финонченко (Габышев 87), Хижниченко

БАТЭ: Горбунов, Радьков, Бордачев (Юревич 81), Филипенко, Поляков, Лихтарович (Павлов 53), Володько А., Алексиевич, Кривец, Глеб (Концевой 75), Родионов

Төреші: Штефан Клосснер (Швейцария)

Бірінші ойын: 1:0.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!