Қазақстандық су добы шеберлері Әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Фотография - Қазақстандық су добы шеберлері Әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Су добынан Испанияның Барселона қаласында Су спорты түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы кеше алғашқы жеңісіне қол жеткізді

244 0

Су добынан Испанияның Барселона қаласында Су спорты түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы кеше алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады ҚазАқпарат

Жерлестеріміз Бразилия құрамасынан 9:5 (2:2 3:0 2:0 2:3) есебімен басым түсті. Бұған дейін дүйсенбі күні олар итальяндықтарға 9:7 (1:3 5:0 2:3 1:1), ал бразилиялықтар венгриялықтарға 20:6 (6:2 3:0 3:0 8:4) есебімен жеңілген болатын.

Әйелдер арасында 1986 жылдан бері өтіп келе жатқан бұл дүбірлі додада 2011 жылы Қытайдың Шанхай қаласында болған соңғы Әлем чемпионатында Грекия алтын, Қытай күміс, Ресей қола жүлде олжалаған еді. Биыл 15-ші рет жалауын көтерген бұл бәсекеде қазақстандықтардың келесі қарсыласы Венгрия құрамасы болмақ. Олар кеше итальяндықтарды 10:4 (3:1 3:1 3:1 1:1) есебімен жеңді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!