Астанада өтетін «Шахтер» – «Скендербеу» ойынына кіру тегін

Фотография - Астанада өтетін «Шахтер» – «Скендербеу» ойынына кіру тегін

Қазақстандық жанкүйерлер «Астана-Арена» стадионында өтетін «Шахтер» – «Скендербеу» ойынын тегін тамашалай алады

292 0

Қазақстандық жанкүйерлер «Астана-Арена» стадионында өтетін «Шахтер» – «Скендербеу» ойынын тегін тамашалай алады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Стадион әкімшілігі «егер матч Астанада өтсе, онда кіру тегін болады», деп отыр. Шыны керек Астана стадионында келесі аптада өтетін іс-шаралар тізіміне Чемпиондар лигасы матчы әзірге енгізілмеген.

Командалар арасындағы ойын қай күні өтетіні белгісіз болғандықтан, стадионның іс-шаралар тізіміне енгізілмеген болуы керек.

«Шахтердің» баспасөз хатшысы Мансур Қалиевтің айтуынша, клуб қай күні ойнайтынын әзірге белгілеген жоқ. Ойын «Қазспорт» телеарнасында тікелей эфирден көрсетілуі мүмкін.

Естеріңізге саламыз, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде екі ойынның қорытындысы бойынша, «Шахтер» Белорусияның БАТЭ командасын жеңген болатын. Қазақстандық клубтың келесі қарсыласы албандық «Скендербеу».

Екі команда арасындағы алғашқы ойын Қазақстанда 30 немесе 31 шілдеде өтеді. «Шахтер» алаңы УЕФА-ның барлық талаптарына сай келмейтіндіктен, келесі кезеңнің іріктеу ойыны «Астана-Арена» стадионында өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!