«Шахтер» мен «Скендербеу» арасындағы ойында ресейлік төрешілер қызмет жасайды

Фотография - «Шахтер» мен «Скендербеу» арасындағы ойында ресейлік төрешілер қызмет жасайды

Бүгінде УЕФА-ның төрешілер комитеті аталған матчтың арбитрларын анықтап қойды. Астанада өтетін ойынға Алексей Николаев бастаған ресейлік мамандар тобы төрешілік етпек

160 0

30 шілде күні УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу турнирі аясында Қарағанды қаласының «Шахтер» футбол клубы мен албаниялық «Скендербеу» командасы елордадағы «Астана Арена» стадионында кездеседі.

Бүгінде УЕФА-ның төрешілер комитеті аталған матчтың арбитрларын анықтап қойды. Астанада өтетін ойынға Алексей Николаев бастаған ресейлік мамандар тобы төрешілік етпек. Оның көмекшілері - Тихон Калугин және Виталий Дроздов. Қосымша рефери - Максим Лаюшкин, деп жазды ҚазАқпарат

Айта кетейік, «Шахтер» - «Скендербеу» матчы кешкі сағат 19:00-де басталады. Ойынға кіру тегін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!