Серік Сапиев ЮНЕСКО-ның спорт саласындағы чемпионы

Фотография - Серік Сапиев ЮНЕСКО-ның спорт саласындағы чемпионы

Серік Сапиев спорт саласындағы жеткен жетістіктері үшін «Спорттағы ЮНЕСКО чемпионы» атағына лайық деп табылды

319 0


Серік Сапиев спорт саласындағы жеткен жетістіктері үшін «Спорттағы ЮНЕСКО чемпионы» атағына лайық деп табылды. Әлемде мұндай атаққа жеткен адамдар санаулы, нақтырақ айтсақ он үш адам ғана, деп хабарлайды «Астана Спорт»

Бокстан олимпиада  және әлемнің екі дүркін чемпионын  алғашқы болып ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссияның төрағасы құттықтады.

«Бұл мен үшін үлкен құрмет. ЮНЕСКО мені елеп ескергеніне қуаныштымын,  -дейді біздің батырымыз.Қуанышты хабарды алғаш Иманғали Тасмағамбетов  жеткізіп құттықтады. Ол кісінің айтуынша әлемде мұндай атаққа қол жеткізген он екі ғана адам бар көрінеді. Мен бұл атаққа лайық болуға тырысамын және спортты дамыту үшін қолымнан келгенді аянып қалмаймын» депті «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияға оқуға түсуге дайындалып жүрген  еліміздің мақтанышы.

Естеріңізге салсақ, «Спорттағы ЮНЕСКО чемпионы» атағымен бұдан бұрын Михаэль Шумахер, Пеле, Давид Дуйе, Сергий Бубка, Вячеслав Фетисов, ағайынды Кличколар, Жюстин Энен, Виргилиус Алекна, Вероника Кэмпбелл-Браун, Хакухо Сё, Жаклин Силва және Оскар Табарес сынды саңлақ спортшылар марапатталған болатын.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!