Алматыдан кейін әлем чемпионаты Дохада өтеді

Фотография - Алматыдан кейін әлем чемпионаты Дохада өтеді

Жақында Оңтүстік Кореяның Чеджу қала­сында АІВА атқару комитетінің кезекті алқа­қо­таны өтіп, бокстан 2015 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын қала белгілі болды

175 0

Жақында Оңтүстік Кореяның Чеджу қала­сында АІВА атқару комитетінің кезекті алқа­қо­таны өтіп, бокстан 2015 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын қала белгілі болды, деп жазды alasharena.kz


Үміткерлер екеу болатын. Бірі Таиландтың бас қаласы Бангкок болса, екіншісі – Катар аста­насы Доха. Сөйтіп, Атқару комитетінің мүшелері арасында дауысқа салынып, жеңіс Дохаға бұйырды.

– АІВА Атқару комитетінің бізге осын­ша­лық­ты сенім артып отырғанына қуаныштымыз. Бұл бізге, бір жағынан, үлкен жауапкершілік жүктейді. Өз кезегімізде мынаны айтқымыз келеді: бокстан 2015 жылғы әлем чемпионатын өте жоғары деңгейде өткізіп, күллі әлем там­санатындай дәрежеде ұйымдастырамыз, – деді бұл туралы Катар бокс федерациясының бас хатшысы Юсеф әл-Қазым.

Айта кетейік, 2015 жылы Катар бокстан бөлек, гандболдан ерлер арасындағы әлем чемпионатын өткізуді де мойындарына алды. 2016 жылы бұл елде велоспорттан дүниежүзілік дода ұйымдастырылмақ. Ал 2022 жылы футболдан әлем біріншілігін өткізеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!