Еуропа лигасы: «Ақтөбе» Исландияның «Брейдаблигімен» кездеседі

Фотография - Еуропа лигасы: «Ақтөбе»  Исландияның «Брейдаблигімен» кездеседі

Кеше, Еуропа лигасы аясындағы кезекті іріктеу ойынын өткізген «Ақтөбе» футбол клубы өз алаңында норвегиялық «Хедд» командасын жеңіп, келесі айналымға жолдама алды.

153 0

Кеше, Еуропа лигасы аясындағы кезекті іріктеу ойынын өткізген «Ақтөбе» футбол клубы өз алаңында норвегиялық «Хедд» командасын жеңіп, келесі айналымға жолдама алды.

Бұған дейінгі ойында «Ақтөбе» өз қарсыластарына 0:1 есебімен жол беріп қойған болатын. Сондықтан осы жолы кем дегенде екі ұпаймен басым түсу керек еді. Қазақстанның командасы осы мақсатты ойдағыдай орындап шықты. Есеп - 2:0. Бұл матчта «Ақтөбе» сапында ойнап жүрген ресейлік легионер Сергей Давыдов екі бірдей голдың авторы атанды. Келесі айналымда біздің команда Исландияның «Брейдаблигімен» кездеседі.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!