Үздіктер мен аутсайдерлер анықталды

Фотография - Үздіктер мен аутсайдерлер анықталды

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры өтті. Бірінші кезеңнің аяқталуына әлі бір тур бар, бірақ жүлдеге таласатын үздік алтылық пен аутсайдер алтылық анықталды

126 0

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры өтті. Бірінші кезеңнің аяқталуына әлі бір тур бар, бірақ жүлдеге таласатын үздік алтылық пен аутсайдер алтылық анықталды, деп жазды АлашАрена


            Яғни, Премьер-лиганың екінші кезеңінде «Ақтөбе», «Астана», «Шахтер», «Ертіс», «Ордабасы» және «Қайрат» жүлделі орындарға таласса, «Тобыл», «Атырау», «Жетісу», «Восток», «Тараз» және «Ақжайық» Премьер-лигадағы өз орнын сақтап қалуға барын салатын болады.

            Жалпы, үздіктер қатарына орнығудан «Тобыл» да үмітті болатын. «Қайраттың» орнын басқылары келген. Бірақ 21-турдың аясында Алматыда өткен ойында Владимир Вайсс шәкірттері Керекудің «Ертісін» тізе бүктіріп, «Тобылдың» үмітін біржола сөндірді.

 

21-тур

«Атырау» — «Ақжайық» (Орал) – 1:0

Гол: Алвиж, 28-пен. 

«Тобыл» (Қостанай) — «Жетісу» (Талдықорған) – 3:1

Голдар: Куртиши, 18. Әбішев, 81. Жұмасқалиев, 84 — Перич, 90+1. 

«Восток» (Өскемен) — «Шахтер» (Қарағанды) – 0:0

«Тараз» — «Астана» 0:0

«Ордабасы» (Шымкент) — «Ақтөбе» – 0:1

Гол: Гридин, 50. 

«Қайрат» (Алматы) — «Ертіс» (Кереку) – 3:2

Голдар: Кислицын, 10. Ли, 26. Көкеев, 29 — Струков, 63. Бегалин, 82.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!