«Шахтер» елордада «Скендербеу» клубын қабылдайды

Фотография - «Шахтер» елордада «Скендербеу» клубын қабылдайды

Бүгін, 30 шілде қазақ футболының тарихындағы шешуші күндердің бірі

340 0

Бүгін, 30 шілде қазақ футболының тарихындағы шешуші күндердің бірі.

«Шахтер» Астанада «Скендербеу» клубын қабылдайды. Бұл Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойын.

«Шахтер» «Скендербеуден» басым түссе, Чемпиондар лигасының плей офф кезеңіне шықпақ. Егер плей офта ұтылып жатса да жоғалтарымыз аз. Бізге арман болған Еуропа лигасының топтық кезеңіне топ ете қалмақпыз.

Ал жеңілер болсақ, онда «Шахтер» Еуропа лигасының плей офф іріктеуіне өтеді. Міне, «Шахтердің» қазіргі мүмкіндігі осындай - деп хабарлады ҚазАқпарат

Букмерлік кеңселер алғашқы ойында «Шахтерді» фаворит санайды. Қарағандылықтардың жеңісіне 1, 45, тең ойынға 4,02, албандықтардың жеңісіне 8,34 коэффицент беріпті, деп жазады «Аламан».


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!