Қазақстандық екі спортшы муайтайдан Еуропа чемпионы атанды

Фотография - Қазақстандық екі спортшы муайтайдан Еуропа чемпионы атанды

Қазақстандық муайтай шеберлері Вадим Лопарев пен Еламан Саясатов Еуропа чемпиондары атанды

163 0

Қазақстандық муайтай шеберлері Вадим Лопарев пен Еламан Саясатов Еуропа чемпиондары атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Турнир Португалия астанасы Лисабонда өтті. Онда ересектерден бөлек, жастар да күш сынасты. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа екі категория бойынша да спортшылар қосқан еді. Нәтижесінде жастар бес медаль, оның ішінде бір алтын алқа олжалады. 45-келіге дейінгі салмақта атыраулық Еламан Саясатов жеңіс тұғырынан көрінді. 

Одан бөлек тағы үш спортшы Абылай Құралбаев (48 келіге дейін), Райымбек Сембек (60 келіге дейін) және Олжас Қалижанов (71 келіге дейін) финалға шығып, алайда қарсыластарына жол беріп қойып, нәтижесінде күміс медальдарға ие болды. Тағы да бір отандасымыз Қуаныш Сауатов (75 келіге дейін) қола медальмен марапатталды.

Еліміздің ересектер командасы да жаман өнер көрсеткен жоқ. 75 келіге дейінгі салмақта алматылық Вадим Лопарев қарсылас шақ келтірмей, Еуропа чемпионы атағына қол жеткізді. 

Одан бөлек, Лопаревтің төрт бірдей командаластары Ишан Галиев (54 келіге дейін), Аман Қабдоллаев (57 келіге дейін), Тахир Агишев (63,5 келі) және Рустем Ақжанов (71 келіге дейін) жарыстың күміс жүлдегерлері атанды. Айта кетейік, Қабдоллаев өткен жылы жастар арасындағы әлем біріншілігінде де күміс медаль алған болатын. 

Муайтайдан Еуропа чемпионаты 23-28 шілде аралығында Португалияның Лисабон қаласында өтті. Естеріңізге салсақ, шілде айының басында басқа бір қазақстандық муайтайшы Эмиль Умаев жабық кешенде өткен Азия ойындарында топ жарған еді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!