«Шахтер» командасының 4 мың жанкүйері Астанаға келеді

Фотография - «Шахтер» командасының 4 мың жанкүйері Астанаға келеді

«Шахтер» жанкүйерлерінің қалың тобы албаниялық «Скендербеу» клубына қарсы ойынды тамашалау үшін Қарағандыдан Астанаға бет алды

152 0

«Шахтер» жанкүйерлерінің қалың тобы албаниялық «Скендербеу» клубына қарсы ойынды тамашалау үшін Қарағандыдан Астанаға бет алды, деп хабарлайды vesti.kz сайты.

Кездесу «Астана-Арена» стадионында өтеді, себебі кеншілердің ойын алаңы УЕФА талаптарына сай келмейді.

Өз командаларына тиісті қолдау көрсету мақсатында «Шахтер» фанаттарын Астанаға жеткізу жөнінде шешім қабылданды. Жанкүйерлердің елордаға қатынауына 20 автобус жалға алынған. Қарағанды қаласының спорт басқармасы хабарлағанындай, шамамен 4 мың адам келу жоспарлануда. Сонымен қатар фанаттардың бір бөлігі матчты көруге өз көліктерімен барып келмек.

Еске сала кетейік, матч бүгін, 30 шілде күні сағат 19.00-де басталады. Кіруі тегін. Турнирдің алдыңғы ойнында сенсациялық жағдайда белоруссиялық БАТЭ командасын ұтқан болатын. Өз кезегінде «Скендербеу» ойда-жоқта Бакудің «Нефтчи» клубын сан соқтырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!