Неймар "Барселона" сапындағы алғашқы кездесуін өткізді

Фотография - Неймар "Барселона" сапындағы алғашқы кездесуін өткізді

Каталондық «Барселона» кеше Польшаның «Лехия» командасымен жолдастық кездесу өтті. Испандық ұжымның жейдесін жақында ғана киген Неймар команда сапындағы алғашқы кездесуіне шықты

163 0

Каталондық «Барселона» кеше Польшаның «Лехия» командасымен жолдастық кездесу өтті. Испандық ұжымның жейдесін жақында ғана киген Неймар команда сапындағы алғашқы кездесуіне шықты, деп жазды Массагет сайты

Гданьск қаласында өткен қос ұжым арасындағы жолдастық кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Польшалық команданың сапынан Ярослав Бьенюк пен Петр Гжелчак көзге түссе, «Барселона» командасынан Серхио Роберто мен Лионель Месси бір-бір голдан еншілеріне жазды. Неймар кездесудің 78 минутында Алексис Санчестің орнына кірді.

«Менің арманым орындалды. Бірақ, маған әлі өз бабыма келу үшін аздап уақыт керек» - деді Неймар кездесу соңынан. Ол әлемнің үздік ойыншысы Мессимен бір команда сапында ойнайтынына бақытты екенін де жеткізді.

Естеріңізге сала кетер болсақ, Неймар 3 шілде күні каталондық команданың негізгі ойыншысы болып танылған болатын. 21 жасар футболшы командамен 5 жылға келісім-шартқа отырған-ды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!