Ұлыбританияда ағылшын қызын зәбірлемек болған қазақ спортшысы ұсталды

Фотография - Ұлыбританияда ағылшын қызын зәбірлемек болған қазақ спортшысы ұсталды

 Ұлыбританияда қазақ спортшысы қамауға алынды. Таэквондодан Қазақстан құрамасында өнер көрсететін 18 жастағы Азамат Теңізбаевқа ұшақ ішінде аталған елдің азаматшасын жыныстық қатынасқа итермеледі деген айып тағылған

259 0

 Ұлыбританияда қазақ спортшысы қамауға алынды. Таэквондодан Қазақстан құрамасында өнер көрсететін 18 жастағы Азамат Теңізбаевқа ұшақ ішінде аталған елдің азаматшасын жыныстық қатынасқа итермеледі деген айып тағылған. 

Құрамында 11 таэквондошы мен 4 бапкер бар Қазақстан құрамасы Мексикада өткен әлем чемпионатына қатысып, кері қайтып келе жатқан болатын. Мексикадан Ұлыбритания арқылы қатынайтын ұшақ ішінде жанжал болып, Теңізбаевты тура Лондон әуежайында полиция тұтқындапты. Енді осы іске қатысты Ұлыбританияда 23-тамызда сот отырысы өтпек.

Бұл - осыдан тура екі апта бұрынғы, яғни Мексикадағы әлем чемпионатына аттанар алдындағы қазақ таэквондошыларының соңғы дайындығы еді. Республикалық іріктеуден іркілмей өткен 11 спортшы 4 бапкермен бірге 10 шілдеде Пуэбла қаласына аттанып кеткен. Бірақ кері қайтар жолда келеңсіздікке тап болған. Ұшақ ішінде ұлыбританиялық бойжеткен қазақстандық спортшы «жыныстық қатынасқа итермеледі» деп шу шығарған. Содан әуе кемесі Лондон әуежайына қонысымен, Азамат Теңізбаевтың қолына кісен салыныпты.

Талғат Тілешев, А.Теңізбаевтың әкесі:

- Алып қалуының себебі әуежайда баланың қолы, ағылшын қыздың денесіне тиіп кеткен. Ұйықтап жатқан бала. Оны бір құдай біледі, тиді ме, тимеді ме, дәлелденген жоқ. Ал менің ұлым жағынан оны қолдайтын, қорғайтын ешкім болмаған. Не куәгерлер де, ешкімді араластырылмаған.

Дәл сол кезде спортшының қасында не бапкері, не Таэквондо федерациясының өкілдері қалмай, елге тайып тұрған. Ал баласының тағдырына алаңдаған ата-ана бүгін Ұлыбритания тарапы істі 23-ші тамызда сот қарайтынын естіп, есінен танып қала жаздапты.

Жазира Тілешева, А,Теңізбаевтың анасы:

- Мен баламды енді қалай неғыламын. Сұрайтыным баламды қайтарсын! Баламды тезірек құшағыма алғым келеді! Сотты 23-іне белгіледі. Енді біз айтсақ бапкерлері ешқайда шағымданбаңыздар дейді. Бейхабармыз, баламызға сөйлестірмейді.

Қазақ намысын қорғау үшін спортшыны жетектеп сонау мұхит асып, тек қайтар жолда Ұлыбританияға тастап кеткен еліміздің Таэквондо федерациясы бұл жағдайға қатысты өз пікірін білдірді.

Мұрат Темірәлиев, ҚР Таэквондо федерациясының бас хатшысы:

- Бұл ұшақ Мексикадан Ұлыбританияға транзит арқылы ғана ұшқан болатын. Лондонға келген соң Алматыға басқа ұшаққа отыруымыз керек еді. Полиция қызметкерелімен сөйлескен кезде, қалуға бола ма деген кезде, олар бұл мүмкіншіліктің жоқ екенін жеткізді. Сондықтан да бізді келесі ұшатын ұшаққа отыра беруімізді сұрады.

Қазір Азамат Теңізбаевтің ісін еліміздің Сыртқы істер министрлігі де қолға алды. Телефон арқылы тілдескен ведмствоның ресми өкілі отандасымыздың мүддесін білікті адвокаттар қорғайды деп сендірді.

Нұржан Айтмаханов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: (телефон арқылы)

- Ұлыбритания елшілігі Қазақстан азаматының мүддесін қорғайтын «Мартин Мюррей» компаниясының адвокатымен бірге жұмыс атқарып жатыр. Және елшінің бақылауына алынып отыр.

Соңғы ақпарға қарағанда, Азамат Теңізбаев ЛондондағыФелтхам тергеу изоляторында отыр. Айта кетсек, осыдан тура 2 жыл бұрында дәл осыған ұқас оқиға АШҚ-та тіркелген еді. Онда арнайы бағдарлама бойынша білім алып жүрген 20 жастағы Жанболат Бақытбекұлына 11 жастағы қызыға әдепсіздік әрекет көрсетті деген айып тағылды. Бірақ кейін отандасымыз ақталып шақты. Бұл жолы дәл солар болар деп үміттенеміз.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!