Елордада шаңғы-роллерден алғаш рет Ашық кубок өтеді

Фотография - Елордада шаңғы-роллерден алғаш рет Ашық кубок өтеді

 4 тамызда Қазақстанның елордасында шаңғы-роллерден тарихымыздағы тұңғыш Ашық кубок өтеді

356 0

 4 тамызда Қазақстанның елордасында шаңғы-роллерден тарихымыздағы тұңғыш Ашық кубок өтеді.

Додаға Олимпиада ойындары-2014 спортшылары, Қазақстанның үздік шаңғышылары, соның ішінде Әлем чемпионатының жүлдегерлері Алексей Полторанин мен Николай Чеботько, командалық спринттен Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы Денис Волотка, жастар арасындағы Әлем чемпионатының жүлдегері Марк Старостин және т.б. қатысады.

«Біздің пікірімізше, чемпиондардың жақын араласуы жастарымызды жаңа спорттық жетістіктерге жетелейді. Мұндай жаппай іс-шараларды өткізу қоғамды, әсіресе жастарды салауатты өмір салтына және спортқа тартады!»,- дейді ұйымдастырушылар.

Турнирге қатысуға спортқа әуес қыз-жігіттер, ерлер мен әйелдер, ардагерлер шақырылады. Астананың Ашық Кубогы Қалалық шаңғы-роллерлік трассада (орталық парк) өтеді. Жарыс аяқталған соң келушілерге спортшылармен және ұлттық құрамамен суретке түсуге, автографтар алуға мүмкіндік беріледі.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, қазіргі уақытта Полторанин мен Чеботькоға басты үміт артылып отыр. Олар Сочиде өтетін қысқы Олимпиадада бас жүлдеге қол жеткізеді деп күтілуде. Сонымен қатар, құрама команда сапында назар аударарлық басқа да спортшылар бар. Бүгінгі таңда Қазақстан құрамасы бұл спорт түрінен 9 лицензияға ие болды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 12-ге дейін арттыру жоспарланған- деп хабарлады baq.kz


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!