«Барыс» «Давостан» мықты болып шықты

Фотография - «Барыс» «Давостан» мықты болып шықты

 Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы Швейцариядағы маусымаралық әзірлік ауқымында кезекті матч өткізді

275 0

 Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы Швейцариядағы маусымаралық әзірлік ауқымында кезекті матч өткізді.

Бұл жолы Ари-Пекки Селиннің басшылығындағы олардың қарсыласы мұз қожайыны - «Давос» хоккейшілері болды. Бұл өте елеулі клуб, олар Швейцария чемпионатында 30 рет жеңіске жеткен және 15 рет Шпенглер Кубогының жеңімпазы атанған, деп хабарлады baq.kz

Осы ойында алдымен «Давос» есеп ашты, бірақ та «Барыс» бұдан кейін белсендірек қимылдап, алғашқы үзіліске дейін есепті теңестіріп қана қоймай, 2:1 есебімен алға шықты. Шайба авторлары - Алексей Воронцов пен Константин Пушкарев.

Келесі жиырма минутта астаналықтар күш алып Дастин Бойд пен Федор Полищуктің күш салуымен екі шайба салып, «Давостың» голпикерінің еңсесін түсірді. Қорытынды кезеңде клубтар өзара шайба алмасты. «Барыстың» құрамындағы жаңа хоккейші Майк Ландин алғаш рет жақсы ойын өрнегін көрсетті. Кездесу қорытындысы - 5:2.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Селиннің басқаруындағы «Барыс» алғашқы матчта питерлік СКА-мен тең түскен болатын.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!