Білекті балуан шаңырақ көтерді

Фотография - Білекті балуан шаңырақ көтерді

Қазақ күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері қостанайлық палуан Максим Гербер үшінші тамыз күні шаңырақ көтерді

150 0

Қазақ күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері қостанайлық палуан Максим Гербер үшінші тамыз күні шаңырақ көтерді. Бұл туралы республикалық «Қазақстан Барысы» жобасының сайты мәлімдеді.

Максим Гербердің есімі қазақ күресі жанкүйерлеріне кеңінен таныс. «Қазақстан Барысы» жобасына үш жыл қатарынан қатысып, Қостанай облысының намысын қорғаған спортшының көрсеткен өнеріне халық жоғары бағасын берген. Максим Гербер, Бүркеншік аты: Ақ аю Туған жылы: 08.02. 1988 ж. Салмағы:120 келі Бойы:193 см Спорттық атағы: қазақ күресінен ХДСШ.

Ұлты неміс болса да қазақ күресін дәріптеп, төл спортымыздың туын жоғары ұстап жүрген Максимға көтерген шаңырағың биік болсын дейміз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!