«Шахтердің» шыңы

Фотография - «Шахтердің» шыңы

Қарағандының «Шахтер» командасы бұрын соңды қазақ футболында болмаған белесті бағындырды. Ел футболының еңсесі тіктеліп келе жатқандағын дәлелдеді. Қазақстан клубтары арасында тұңғыш болып Еурокубоктар сынында топтық кезеңге жолдама алды

338 0

Қарағандының «Шахтер» командасы бұрын соңды қазақ футболында болмаған белесті бағындырды. Ел футболының еңсесі тіктеліп келе жатқандағын дәлелдеді. Қазақстан клубтары арасында тұңғыш болып Еурокубоктар сынында топтық кезеңге жолдама алды.

Чемпиондар лигасында сынға түсіп жатқан жалғыз командамыз «Шахтер» кәрі құрлықтың ең беделді турнирін ширақ бастады. Соңғы жылдары аталмыш турнирде тәуір ойнап топтық кезеңіне жиі шығып жүрген БАТЭ командасын айналып өткен жерлестеріміз біраз қуанышқа кенелтіп ақ тастаған. Одан әрі албандардың «Скендербеу» командасын «Астана Аренада» ірі есеппен ұтып топтық кезеңге өтуге тамаша мүмкіндік жасады. Ендігі қалғаны Албания жерінде өтетін қарымта кездесуде қақпамызға жауапсыз үш гол жіберіп алмау ғана.

Сонымен сарыла күткен қарымта кездесу де  басталған еді. Бастала салысымен ойша өзімізді топтық турнирде елестетіп жүрген біздерді  «Скендербеу» қатты састырды. Төреші ысқырығы естілмей жатып жылдам гол соғып алған Албания командасы әр голдың арасына он минуттан салып отырып жарты сағат өткенде Астанада қол жеткізген басымдығымызды жермен жексен етті. Бұл тұста біздің қақпамызғы екі бірдей он бір метрлік айып добы белгіленіп нәтижесінде қос гол енгенін де айта кеткен жөн. Албаниялықтар төреші сыйлаған мүмкіндіктен кейін өздерін келесі кезеңге өтеміз деп дандайсып кетсе керек ұлттық құрамамыздың жас шабуылшысы Хижниченкодан көз жазып қалды. Бұл Сергейдің чемпиондар лигасындағы үшінші голы еді. Біздің  команда осы голдын арқасында тағы да үлкен басымдыққа ие болды. Себебі қарсыластарға келесі кезеңге өту үшін тағы екі гол салу керек еді.Үзілісте бапкерлерден ақыл кеңес тыңдап шыққан жерлестеріміз бірінші тайммен салыстырғанда тиянақты ойнады. Қорғанысқа көп көңіл бөліп, арасында қарымта шабуыл ұйымдастырып отырды. Сондай сәттердің бірінде Мақсат Байжанов Финонченкодан алған тамаша пасын голға айналдыра алды. Бұл тұста «Шахтер» бапкері Виктор Кумыковтың ойыншы ауыстыру кезіндегі көрегенділігін ерекше атап өтуге тиіспіз. Ойынның қалған бөлігінде қарсыластар қақпамызға бірнеше қауіпті сәттер туғызғанымен голға айналадыра алмады. Ал «Шахтер» болса  есепті теңестіре алмағанымен,  түпкі мақсаттарына қол жеткізе алды.

«Скендербеу» (Корча, Албания) — «Шахтер» (Қарағанды) – 3:2

Голдар: Томич, 9. Шкемби, 20-пен. Шкемби, 29-пен. — Хижниченко, 38. Байжанов, 67.

Ескертулер: Томич, 59 — Василевич, 20. Малый, 29. Джидич, 45.

Ойынның 54-минутында Пеич алаңнан қуылды.

«Скендербеу»: Шехи, Арапи, Адемир (Фагу. 85), Радаш, Гвозденович, Орелеси, Томич (Абази, 61), Лиляй, Морина (Еюпи, 64), Шкемби, Пеич.

«Шахтер»: Мокин, Васильевич, Порываев (Тарасов, 61), Джидич, Малый (Байжанов, 46), Симчевич, Вичюс, Казарян, Каньяс, Финонченко, Хижниченко (Зенькович, 72).

Бас төреші: Иван Кружляк (Словакия)

Бірінші ойын – 0:3.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!