Жаңа рейтинг жария етілді

Фотография - Жаңа рейтинг жария етілді

Дүниежүзілік велоспорт одағы (UCI) өзінің жаңа рейтингін жария етті. Жекелеген велоашабандоздар тізімін биылғы жылғы «Тур де Франс» көпкүндігінің жеңімпазы британиялық Кристофер Фрум бастап тұр

120 0

Дүниежүзілік велоспорт одағы (UCI) өзінің жаңа рейтингін жария етті. Жекелеген велоашабандоздар тізімін биылғы жылғы «Тур де Франс» көпкүндігінің жеңімпазы британиялық Кристофер Фрум бастап тұр.


«Sky ProCycling» клубының туы астында өнер көрсетіп жүрген аталмыш спортшы өзге қарсыластарынанедәуір озып тұр. Оған таңдануға болмас. Өйткені, Фрум биыл айды аспанға шығарып, велоспорт әлеміндегі ең белді жарысты ұтты. Екінші және үшінші орындарда да атағы алысқа жайылған жүйіріктер. Олар – словакиялық Петер Саган мен испаниялық Хоакин Родригез. «Астана» сапындағы ең үздік велошабандоз Винченцо Нибали 8 сатыға жайғасты. Италиялық легионер биылғы маусымда «Джиро д Италия» көпкүндігінде топ жарғанын жанкүйерлер жақсы біледі. «Астананың» құрамындағы өзге жігіттерімізге мынадай орындар бұйырды: Якоб Фугльсанг (Дания) — 21, Танел Кангерт (Эстония) — 43, Борут Бозич (Словения) — 57, Энрико Гаспаротто (Италия) — 67, Франческо Гавацци (Италия) —128, Валерио Аньоли (Италия) — 145, Максим Иглинский (Қазақстан) — 149, Кевин Сильдрайерс (Бельгия) — 173, Егор Силин (Ресей) — 186, Фабио Ару (Италия) — 187 және Симоне Понци (Италия) — 190.

Командалар арасында Ұлыбританияның «Sky Procycling» ұжымы бірінші орында келеді. Екінші және үшінші орындарда – Испанияның «Movistar» және Ресейдің «Катюша» клубтары. Бұл тізімде «Астана» 5 сатыға табан тіреп тұр. Ал ұлттық құрамалар рейтингінде Қазақстан командасы 31 орында қанағат тұтуда. Мықтылар көшін Испания, Колумбия және Ұлыбритания құрамалары бастап келеді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!