Мақсат Байжанов туған күнінде өзіне керемет сый жасады

Фотография - Мақсат Байжанов туған күнінде өзіне керемет сый жасады

Қарағандының «Шахтер» командасы Албанияның «Скендербеу» командасымен болған  қос ойын нәтижесінде келесі кезеңге өткенін бұдан дұрын айтқанбыз

198 0

Қарағандының «Шахтер» командасы Албанияның «Скендербеу» командасымен болған  қос ойын нәтижесінде келесі кезеңге өткенін бұдан дұрын айтқанбыз. Сол сырт алаңда өткізген кешегі ойында кеншілер қатарынан Мақсат Байжанов мергендігімен көзге түскен болатын. Қызылорда футболының түлегі үшін бұл чемпиондар лигасында соққан тұңғыш голы. Осы голымен ол көптеген қазақстандық жанкүйерлерге қуаныш сыйлап қана қоймай өзінің туған күніне тамаша сыйлық та жасады. Өзінің жарық дүниеге келгеніне жиырма тоғыз жыл толған күні гол соғып Қазақстан футболын бұрын соңды болмаған жетістікке қол жеткізіп, командасын Еурокубоктардың топтық кезеңіне өтуіне сүбелі үлесін қосты.

Мақсат Байжанов 1984 жылы тамыз айының 6-сында дүниеге келген. Бойы 1 метр 78 сантиметр. Салмағы 69 килограмм. Жартылай қорғаушы. Қызылорданың «Қайсары»  сапында жақсы ойынымен көзге түскен, және сол команданың капитаны болған.  Қазақстан  құрама командасының ойыншысы. Қазір Мақсат кеншілер клубының белді мүшесі.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!