"Шахтердің" плей-оффта кездесуі мүмкін қарсыластары толық анықталды

Фотография - "Шахтердің" плей-оффта кездесуі мүмкін қарсыластары толық анықталды

Қарағандылық "Шахтердің" чемпиондар Лигасы финалдық раунды аясындағы кездесуі мүмкін қарсыластырының тізімі белгілі болды

187 0

Қарағандылық "Шахтердің" чемпиондар Лигасы финалдық раунды аясындағы кездесуі мүмкін қарсыластырының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Сонымен қазақстандық клубқа келесі командалар ішінде біреуі қарсылас атанбақ. Олар: швейцариялық "Базель", шотландиялық "Селтик", румындық "Стяуа", чехиялық "Виктория Пльзень" және хорватиялық "Динамо Загреб". 

"Базель" чемпиондар Лигасы үшінші раунды аясында израильдық "Маккаби" клубын өз алаңында 1:0 есебімен ұтып, қонақта 3:3 болып тең нәтиже көрсеткен болатын. Осылайша екі ойын қорытындысында "Базель" келесі кезеңге өтті. Шотландиялық "Селтик" болса шведтік "Эльфсборг" клубын айналып өтті (өз алаңында 1:0, қонақта 0:0). "Стяуа" Грузия астанасының "Динамо" клубын өз үйінде 2:0 есебімен ұтса, қонақта 1:1 есебін тіркеп, финалдық раундқа жолдама алды. "Виктория Пльзень" екі матч қорытындысы бойынша эстондық "Нымме Кальюді" ойсырата жеңсе (Эстонияда 4:0 және Чехияда 6:2), хорватиялық "Динамо Загреб" молдаван клубы "Шерифке" еш мүмкіндік бермеді (1:0 үйде, 3:0 қонақта).

Айта кетейік, чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіндегі соңғы матчтары үшін болатын жеребе тарту салтанаты 9-тамыз күні Швейцарияның Ньон қалашығында өтеді.

Естеріңізге салсақ, қазақстандық команда ЧЛ үшінші раунды аясында албаниялық "Скендербеу" клубын ұтқан болатын. Астанадағы ойын 3:0 есебімен аяқталса, Тиранада 2:3 есебі тіркелді. Ал оған дейін "Шахтер" беларусиялық БАТЭ-ні екі матчта да 1:0 есебімен ұтып, кішігірім сенсация жасаған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!