Антропов Астанаға оралды

Фотография - Антропов Астанаға оралды

Өскемен хоккейінің түлегі Николай Антропов туған жеріне оралды. Қазақ хоккейіндегі шоқтығы биік ойыншылар көшін бастап тұрған Антропов биылғы маусымда «Барыс» намысын қорғайтын болды

156 0

Өскемен хоккейінің түлегі Николай Антропов туған жеріне оралды. Қазақ хоккейіндегі шоқтығы биік ойыншылар көшін бастап тұрған Антропов биылғы маусымда «Барыс» намысын қорғайтын болды.

Антропов пен «Барыс» арасындағы келісім-шарт екі жылға жарамды. ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Николай Антропов Ұлттық хоккей лигасындағы өзі ойнайтын  «Виннипег Джетс» командасының бас бапкерімен сөзге келіп қалған. Сол себепті, ҰХЛ-дағы өзге клубтардың намысын қорғауға бел буған екен. Алайда, өзіне қолайлы келісім-шартты көрмеген соң, Құрлықтық хоккей лигасындағы «Барыс» сапында ойнауды жөн деп ұйғарған.

Николай Антропов ҰХЛ-дағы локаут кезінде «Барыс» сапында 26 ойын өткізіп, 17 (3+14) ұпай жинаған. Жалпы, Антроповтың алыс Америкаға сапары 1998 жылдан басталған. Енді екі жыл бойы ол өз туған жерінің командасы үшін айдынға шығады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!