"Ақтөбе" де плей-офф кезеңіне жолдама алды

Фотография - "Ақтөбе" де плей-офф кезеңіне жолдама алды

"Ақтөбе" футболшылары сырт алаңда Исландияның "Брейдаблик" командасын пенальти сериясы бойынша жеңіп, Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің ақтық кезеңіне жолдама алды

188 0

"Ақтөбе" футболшылары сырт алаңда Исландияның "Брейдаблик" командасын пенальти сериясы бойынша жеңіп, Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің ақтық кезеңіне жолдама алды, деп жазды baq.kz. Қос команда арасындағы қарымта кездесу Рейкьявиктегі "Лейгардальсведлюр" стадионында өткен болатын.

Алаң иелері ойынның 27 минутында есепті ашып, қазақстандық жанкүйерлердің үмітіне су сепкендей болған. Өйткені, алғашқы ойында жерлестеріміз "Брейдаблик" командасын небәрі 1:0 есебімен жеңген еді. Гол авторы - Финнур Маргейрссон. Дегенмен, "Ақтөбелік" қорғаушылар мұнан кейін қателіктерге жол бермей, қақпаны қауіптен ойын соңына дейін сақтады. Бұл ретте қақпашы Сидельниковтің де еңбегін ерекше атап өткен жөн.

Қосымша экстра-таймда да қарсыластар бірін-бірі ала алған жоқ. "Ақтөбе" ойыншылары қанша шабуылдағанымен гол соғатын мүмкіндіктерді пайдалана алмады. Осылайша ойын тағдырын пенальти сериясы шешті, есеп - 2:1.

Қазақстандық команда тарапынан мергендігімен көзге түскен Эмиль Кенжесариев пен Тимур Кападзе. Ал, Андрей Сидельников 11 метрлік бес соққының төртеуін бірдей қайтарып, матч қаһарманы атанды.

Айта кетейік, Еуропа Лигасы іріктеу ойындарының плей-офф кезеңіне жеребе тарту рәсімі 9 тамыз күні Швейцарияның Ньон қаласында өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!