С.Сәпиев еліміздегі футболды дамытудың жаңа жолын ұсынды

Фотография - С.Сәпиев еліміздегі футболды дамытудың жаңа жолын ұсынды

Қазақстандық футболдың деңгейін көтеру үшін балаларды шетелге аяқдоп шеберлігін үйренуге жіберу қажет.

120 0

Қазақстандық футболдың деңгейін көтеру үшін балаларды шетелге аяқдоп шеберлігін үйренуге жіберу қажет. Бұл туралы бүгін «G-GLOBAL» халықаралық диалогтық алаңын дамыту аясында өткен «Туризм мен спорт саласындағы жастардың халықаралық ынтымақтастығы» тақырыбындағы жиын барысында Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев мәлімдеді.

«Біздің елімізде белгілі спортшылар бар, күрес пен бокс дамыған. Футболда да белгіл аяқдопшылар бар, бірақ олардың есімі тек ТМД елдеріне ғана белгілі. Осыған байланысты, жастайынан, мектеп жасынан шетелде оқып жатқан азаматтарымыздың еуропалық деңгейде футбол ойнауға неге бармасқа? Біздегі футбол деңгейі өзгеше. Қазақстанның аты футбол бойынша әлемге танылуы үшін, шетелде оқып жатқан азаматтарымызға, балаларыңызды Еуропада футбол ойнауға беріңдер дегім келеді», - деді С.Сәпиев.

Қазақстандық футболды дамытудың бір жолы шетелге қазақстандық балаларды футбол үйренуге жіберу қажет деген, ұсынысын ортаға салған Олимпиада чемпионы өзі де балаларды аяқдоп шеберлігін үйренуге шетелге жібермек ниетін білдірді.

«Өзімде осындай ой бар. Мүмкіндік болса өз інілерімді футболға тартамын. Олар Англия немесе Испанияда футболды үйренсін. Сонда футбол дамитын болады, ал қазіргі уақытта ол дамып жатқан жоқ», - деп түйіндеді спортшы.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!