Балуандар Польшада белдеседі

Фотография - Балуандар Польшада белдеседі

Польшаның Спала қаласында еркін күрестен «Мемориал Циолковского» деп аталатын халықаралық турнир басталады. Оған бірқатар мемлекеттен келген белді балуандар қатысады

185 0

9 тамыз Польшаның Спала қаласында еркін күрестен «Мемориал Циолковского» деп аталатын халықаралық турнир басталады. Оған бірқатар мемлекеттен келген белді балуандар қатысады.

Ұлттық құраманың бас бапкері Руслан Өмірәлиев бұл жарысқа бірқатар белді шәкірттерін қатыстыруды құп көрді. 55 келі салмақта Дүниежүзілік Универсиаданың жүлдегері Бердах Пірімбаев бақ сынайды. 60 келі салмақта Дәулет Ниязбековке сенім артылды. Айтулы балуан әлем чемпионатының қола жүлдегері және Лондон Олимпиадасында бесінші орынға табан тіреген болатын. 66 келі салмақ дәрежесі бойынша үш бірдей өреніміз боз кілемге шығады. Олар – Дәурен Жұмағазиев, Азамат Өміржанов және Саятбек Оқасов. Бұлардың барлығының да есімдері жанкүйерлерге жақсы таныс. Әсіресе, Дәуреннің жеңіп алған жүлделері мол. Ол – 2011 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 74 келі салмақта Жігер Зәкіров белдессе, 84 келі салмақта Семен Семенов пен Аслан Кахидзе күреседі. 96 келі салмақта Әлихан Жұмаев пен Ералы Абдрашев өнер көрсетсе, аса ауыр салмақта Дмитрий Попов күш сынасады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!