Ержан Иматрада айқасады

Фотография - Ержан Иматрада айқасады

7 қыркүйекте Филиппиннің Иматра қаласында ережесіз жекпе-жектен ірі халықаралық турнир өтеді. Бұл жарысқа Азия, Америка және Еуропа құрлығынан келген мықты спортшылар қатысады деп күтілуде

178 0

7 қыркүйекте Филиппиннің Иматра қаласында ережесіз жекпе-жектен ірі халықаралық турнир өтеді. Бұл жарысқа Азия, Америка және Еуропа құрлығынан келген мықты спортшылар қатысады деп күтілуде.


Жарыстың беделіне нұқсан келмесін деген оймен аталмыш турнирді ұйымдастырушылар әр мемлекеттен бір-бір спортшыға ғана шақырту жолдаған екен. Сондай құрметке ие болғандар арасында біздің де қандасымыз бар. Ол – Ержан Естанов. Бұл есім жанкүйерлерге жақсы таныс. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының түлегі кезінде спорттың бірнеше түрімен айналысқан. Бірер жыл танымал спортшы және білікті бапкер Бақытжан Ағаділовтің қоласытнда жаттықты. Ержан қоян-қолтық айқас және панкратионнан әлем чемпионы, ережесіз жекпе-жектен бірқатар ірі додалардың жеңімпазы. Осыдан бірер ай бұрын Естановтың Алматыда алтын белбеу үшін Ресейдің атақты спортшысы Расул Мирзоевпен айқасқаны көпшіліктің есінде. Сол бәсеке ұпай айырмашылығымен Мирзоевтің пайдасына шешілген еді.

Филиппиндегі турнирде Ержан бразилиялық Марсело Гайдуччимен күш сынасады. Бразилия өкілі джиу-джитсудің хас шебері. Десек те, Ержан бұл спортшыны жеңетініне сенімді. Содан кейін ол қайта Расул Мирзоевпен жұдырықтасады. Екеуара жекпе-жек үстіміздегі жылдың қазан айында өтеді деп жоспарлануда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!