Нибали үшінші орын алды

Фотография - Нибали үшінші орын алды

Күні кеше ғана велошабандоздар арасындағы тағы бір дода – «Бургос Вуэльта» бәсекесі аяқталды. Бұл жарысты «Астана» клубының өкілі Винченцо Нибали үшінші орынмен қорытындылады

110 0

Күні кеше ғана велошабандоздар арасындағы тағы бір дода – «Бургос Вуэльта» бәсекесі аяқталды. Бұл жарысты «Астана» клубының өкілі Винченцо Нибали үшінші орынмен қорытындылады.


Биылғы маусымда «Джиро д Италия» көпкүндігінде топ жарып, жерлестерімізді бір қуантып тастаған Нибали «Тур де Франсқа» қатысқан жоқ еді. Енді қазақстандық команданың сапындағы италиялық легионер үш аптаға созылатын «Испания Вуэльтасына» қызу даярланып жатыр. Бұл бәсеке тамыз айының соңында өтеді. Қазір Винченцоның бабы жаман емес. Оған осы «Бургос Вуэльта» додасында анық көз жеткіздік. «Астананың» спорттық директоры Александр Шеффердің айтуынша, егер жарыс барысында Нибали барынша күш салғанда бұл жігіттің жеңімпаз атануы да мүмкін еді. Алайда біз үшін басты мақсат – Пиреней түбегіндегі тартыста топ жару. Сондықтан да негізгі күшті жерлестеріміз сол бәсекеге сақтағанды жөн көрген екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!