Жамайкалық желаяқтар жарап тұр

Фотография - Жамайкалық желаяқтар жарап тұр

Бүгінде Ресей астанасы Мәскеуде жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Кеше алты медальдар топтамасы сарапқа салынды. Олимпиадалық ойындардың алты дүркін чемпионы, Усэин Болт қарсыластарын шаң қап­ тырып, алтыннан алқа тақты

230 0

Бүгінде Ресей астанасы Мәскеуде жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Кеше алты медальдар топтамасы сарапқа салынды. Олимпиадалық ойындардың алты дүркін чемпионы, Усэин Болт қарсыластарын шаң қап­ тырып, алтыннан алқа тақты.

Әлемге әйгілі желаяқ бұл жолы мәре сызғын 9, 77 секундта кесіп өткен. Күміс жүлдені америкалық спортшы Жастин Гатлин иеленсе, жамайкалық Неста Картер қоланы қанағат тұтты. Ал ұзындыққа секіру секторында Лондон олимпидасының чемпионы америкалық атлет Бриттни Риздің бағы жанды. Оның көресткіші 7,01 метрге тең. Екі күн бойы жарысқан онсайысшылар додасында үздік шыққан Эштон Итон АҚШ тың қоржынына екінші алтынды салып берді.

Жалпы командалық есепте, қос алтын мен бір күмісті ешілеген АҚШ құрамасы алда келеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл дүбірлі додада Қазақ елінің намысын 17 спортшы қорғайтын болады. Олардың сапында Дмитрий Карпов, Марина Аитова, Айман,  Шолпан Қожахметовалар бар.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!