Таразда жекпе-жектен халықаралық турнир өтті

Фотография - Таразда жекпе-жектен халықаралық турнир өтті

Тараздың «Олимпик» спорт кешенінде ұлттық спорт түрі жекпе-жектен халықаралық турнир өтті

389 0

Тараздың «Олимпик» спорт кешенінде ұлттық спорт түрі жекпе-жектен халықаралық турнир өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің спорт бөлімінен.

Қаланың ашық кубогына алғаш рет Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркиядан 24 спортшы қатысты. Тараз қаласының атынан «Тараз Файт Клаб» күрес клубының спортшылары шықты.

60 және 68 келі салмақ дәрежесі бойынша турнирдің жеңімпаздары болып Астана қаласының өкілдері Бақытжан Оразбеков пен Мерей Бейбітов танылды.

Тараздық Ержан Құлтаев, Еркін Еділов және Серік Тілекеев 63-65 және 80 келі салмақта жеңімпаз атанды.

85, 88 және 93 келі салмақта астаналық Қайрат Жаркеев, Сұлтан Қиялов пен Нұртас Әлібаев топ жарды.

70 келі салмақта Қырғызстаннан келген спортшы Джандар Балтабаев үздік деп танылса, 58 келі салмақ дәрежесі бойынша Түркиядан келген спортшы Ерлан Сембеков жеңіске жетті.

«Жекпе-жек Қазақстанда әзірге жаңа дамып келеді, алайда біздің ата-бабаларымыз осы ережесіз спорт түрімен әскери дауларды шешу кезінде айналысқан, - деді тараздық жанкүйер Қанат Қалауов. - Бұл турнир тек мықты спортшыларды ғана жинап қоймады, сонымен қатар жанкүйерлер көп келді. Жекпе-жек күрестері өте тартысты өтті».

«Турнирдің жеңімпаздары жамбылдық спортшылар облыс құрамасының сапында Шымкент және Астана қалаларына жекпе-жектен өтетін Қазақстан кубогына қатысу үшін аттанады» деп хабарлады қалалық әкімдіктен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!