Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына әйгілі Зинедин Зидан келеді

Фотография - Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына әйгілі Зинедин Зидан келеді

Семей қаласында өтетін Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына әйгілі футболшы Зинедин Зидан келуі мүмкін.

285 0

Семей қаласында өтетін Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына әйгілі футболшы Зинедин Зидан келуі мүмкін.

Қазір Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру мен спорт басқармасы қазір футболдың әлемдік жұлдызымен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар Семей қаласында 21-22-қыркүйек күндері өтетіні белгілі. Ауқымды мерейтойлық шараға мәскеулік «Спартак», алматылық «Қайрат», қазандық «Рубин», Тбилиси мен Киевтің «Динамо» командалары келеді деп күтілуде.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақстандық футболдың 100 жылдығына арналып мерейтойлық 350 медаль шығарылыпты. Күмістен құйылған естелік медальдар құрметті қонақтар мен футболдың өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға беріледі.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!