Маргарита Мұқашева Мәскеудегі әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Фотография - Маргарита Мұқашева Мәскеудегі әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Қазақстандық спортшы Маргарита Мұқашева Мәскеуде өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында 800 метрге жүгіруде жартылай финалға өте алмады

155 0

Қазақстандық спортшы Маргарита Мұқашева Мәскеуде өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында 800 метрге жүгіруде жартылай финалға өте алмады,деп хабарлайды, Vesti.kz тілшісі.

27 жастағы қазақстандық спортшы өз тобында 2 минут 2,6 секунд нәтижемен 7-ші орынға табан тіреді. Ал бұл топта американдық Бренд Мартинез 800 метрді 1 минут 59,39 секундта жүгіріп өтіп, үздік нәтиже көрсеттті.

Айта кетерлігі, М.Мұқашева биылғы универсиада ойындары барысында 800 метрді 1 минут 58,96 секундта жүгіріп өткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, жеңіл атлетикадан XIV әлем чемпионаты Мәскеудегі "Лужники" стадионында өтуде. 10 тамызда басталған жарыстар 18 тамызда аяқталады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!