«Шахтер» «шулы» стадионда жаттығуға кірісті

Фотография - «Шахтер» «шулы» стадионда жаттығуға кірісті

 «Шахтердың» бас бапкері Виктор Кумыков Чемпиондар лигасында «Селтикке» қарсы жауапты ойын қарсаңында жаттықтырудың жаңа тәсіліне көшті. Қарағандылық «Шахтер» жаттығуды шулы фон аясында өткізеді

187 0

 «Шахтердың» бас бапкері Виктор Кумыков Чемпиондар лигасында «Селтикке» қарсы жауапты ойын қарсаңында жаттықтырудың жаңа тәсіліне көшті. Қарағандылық «Шахтер» жаттығуды шулы фон аясында өткізеді, деп жазды kaztrk.kz сайты.


«Шахтер» ешқашан мұндай шулы стадионда ойнамаған. Әрі «Селтиктің» әр ойынына жанкүйерлердің керемет қолдау көрсететінін де ескеру керек. Олардың добы аут кетсе де, жанкүйерлері  гол салғандай шулайды. Мұндай қолдау спортшыларға ерекше күш беріп, үнемі алға жетелейді. Олар сондықтан да үнемі шабуылда жүреді. Сол себепті, қарағандылықтар осындай аураға үйрене бергені дұрыс. Егер «Шахтер» мұндай турнирлерде өнер көрсеткісі келсе, ешбір эмоцияға көңіл аудармай, тек ойынға көңіл бөлуі керек», - дейді бас жаттықтырушы.


Екі команда арасындағы алғашқы матч 20 тамыз күні Астанада өтеді. Ал қарымта кездесу 28 тамызда Глазго қаласындағы «Селтик Парк» стадионында өтпек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!