Головкин мен Стивенс жекпе-жек жөнінде алдын ала келісімге қол жеткізді

Фотография - Головкин мен Стивенс жекпе-жек жөнінде алдын ала келісімге қол жеткізді

WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Кертис Стивенс жекпе-жекті өткізу жөнінде алдын ала келісімге келді

157 0

WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Кертис Стивенс жекпе-жекті өткізу жөнінде алдын ала келісімге келді.

Айқас ағымдағы жылдың 2 қарашасында өтуі тиіс.

Егер боксшылардың командалары барлық шарттар бойынша келісімге қол жеткізсе, онда Головкин мен Стивенстің кездесуі 2 қараша күні өтетін болады және ол НВО телеарнасында көрсетіледі.

Айта кетейік, бастапқыда Стивенстің мүддесіне өкілдік ететін Main Events компаниясы америкалық боксшыға айқас үшін 300 мың доллар көлемінде қаламақы ұсынған Головкиннің промоутері - Том Леффлердің ұсынысынан бас тартқан болатын.

Еске салайық, Головкин 30 маусым күні өткен өзінің соңғы жекпе-жегінде британдық Мэттью Маклинді нокаутқа жіберіп, WBA нұсқасы бойынша өзінің әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Ал Стивенс 4 тамыз күні болған кездесуде мексикалық Сауль Романды бірінші раундта-ақ жеңген болатын - деп хабарлады  ҚазАқпарат


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!