«Шахтердің» қарсыласы - «Селтик» Астанаға келді

Фотография - «Шахтердің» қарсыласы - «Селтик» Астанаға келді

Қазақстандық «Шахтердің» Чемпиондар лигасының финалдық раундындағы қарсыласы - шотландиялық «Селик» командасы Астанаға келді

165 0

Қазақстандық «Шахтердің» Чемпиондар лигасының финалдық раундындағы қарсыласы - шотландиялық «Селик» командасы Астанаға келді.

Елордаға келіп түскен бетте команда бірден қонақкүйге бет алды. Бүгінгі күнді олар шаршағанын басып, демалуға арнапты. Ертең, 19 тамызда Астанадағы алғашқы жаттығуына кіріседі.

Селтик Қазақстанға келер алдында Шотландия чемпионатының екінші турында «Абердин» командасын 2:0 есебімен ұтты. «Шахтер» де дәл осы қарсаңда ел чемпионатында «Астана» командасын 2:1 есебімен жеңді.

Еске сала кетейік, «Шахтер» мен «Селтик» арасындағы бірінші кездесу 20 тамыз күні Астанада «Астана-Арена» стадионында өтеді. Ойын билеті қазір сатылымда. Бағасы - 300-ден 1500 теңгеге дейін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!