Чемпионға шамамыз жетпейді

Фотография - Чемпионға шамамыз жетпейді

Алматыда волейболдан әйелдер арасындағы Гран При кезеңінің «К» тобындағы кездесулері аяқталды. Сайыстың соңғы күнінде  атышулы Бразилия қыздарымен кездескен Қазақстан  құрамасы 0:3 есебімен жеңіліске ұшырады

442 0

Алматыда волейболдан әйелдер арасындағы Гран При кезеңінің «К» тобындағы кездесулері аяқталды. Сайыстың соңғы күнінде  атышулы Бразилия қыздарымен кездескен Қазақстан  құрамасы 0:3 есебімен жеңіліске ұшырады. Бұл біз күткен жеңіліс еді.

Ойын басталған беттен, жақсы қарқынымен жанкүйерді қуантқан қыздарымыз Олимпиада чемпиондарының жойқын соққыларына төтеп бере алмады. Таиса Менезес, Шейла Кастро, Фабиана секілді тісқаққан ойыншылар біздің қыздарды оңай жеңді. Алайда, екінші партия орталаған тұста қатарынан Қазақстан құрамасы қатарынан 4 ұпай жинаған кезде, ұзын бойлы бразилиялықтардың абдырап қалғанын жасырмаймыз. Үшінші партия  біздің құрама үшін тіпті қиынға соқты. Алғашқы техникалық тайм-аутқа нөл ұпаймен кеткені былай тұрсын, қарсыластар 11-і ұпайын жинап үлгергенше ұпай алу мүмкін болмады. Алаңқайда ойқастап, допты жерге түсірмей жүрген Бразилия құрамасы біздің қыздарға біраз дәріс үйреткенін мойындау керек. Әлемдік волейболда біздің орынымыз әзірге төменнен болып тұр.

Әлемдік Гран При. Үшінші кезең

Қазақстан – Бразилия 0:3 (17:25, 16:25, 10:25)


Осылайша, Гран При кезеңін Қазақстан құрамасы үшін аяқталды. Үш кезеңнен соң 4 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы сайыс жолынан шығып қалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!