«Тұлпардың» шабысы жақсы

Фотография - «Тұлпардың» шабысы жақсы

Қарағандының «Тұлпар» футзал клубы Украинаның Львов қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Финалда «Газпром-Югра» командасын жеңген «Тұлпардың» аяқ алысына сеніммен қарағандар аз еді

304 0

Қарағандының «Тұлпар» футзал клубы Украинаның Львов қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Финалда «Газпром-Югра» командасын жеңген «Тұлпардың» аяқ алысына сеніммен қарағандар аз еді.

Львовта өткен халықаралық турнирдің топтық кезеңінде «Тұлпар» өзге командалармен тең ұпай жинап, тек ең соңғы ойында ғана жеңімпаз ретінде финалдық кезеңге өтті. Негізі, «Львов оупен - 2013» турниріне «Тұлпардан» бөлек, Украинаның «Энергия», «Ураган», «ЛТК», Латвияның «Никарс», Польшаның «Рекорд» және Ресейдің «Спартак», «Газпром-Югра» командалары қатысқан болатын. Жергілікті жанкүйерлер «Ураган» мен «Энергияның» бірі финалға шығуын тілесе де, аталған клубтар тек қола жүлдеге таласа алды. Ал, финалда «Тұлпар» мен "Газпром-Югра" бас жүлдені сарапқа салды.

«Львов оупен - 2013» халықаралық турнирі, финал

«Тұлпар» (Қарағанды, Қазақстан) – «Газпром-Югра» (Югорск, Ресей) 5:4

Голдар: Дуглас (7, 28), Таку (21), Гребонос (40,42) – Эдер Лима (6,18), Давыдов (7), Катата (26)

Қорытынды кесте

1.       Тұлпар (Қарағанды)

2.      «Газпром-Югра» (Югорск)

3.      «Энергия» (Львов)

4.      «Ураган» (Ивано-Франковск)

5.      «ЛТК» (Луганск)

6.      «Никарс» (Рига)

7.      «Спартак» (Мәскеу)

8.     «Рекорд» (Бельско-Бяла)


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!