Галина Воскобоева Қазақстанның 8 бірінші ракеткасы атанды

Фотография - Галина Воскобоева Қазақстанның 8 бірінші ракеткасы атанды

28 жастағы Галина Воскобоева Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды. Әйелдер теннисі ассоциациясының (WTA) рейтингісінде төрт орынға көтерілген спортшы бұрынғы қазақстандық бірінші ракеткасы Ярослава Шведованы басып озды

125 0


28 жастағы Галина Воскобоева Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды. Әйелдер теннисі ассоциациясының (WTA) рейтингісінде төрт орынға көтерілген спортшы бұрынғы қазақстандық бірінші ракеткасы Ярослава Шведованы басып озды, деп хабарлады kaztrk.kz


Қазір Галина Воскобоева 78-орында тұр. Ал Шведова бірден тоғыз орынға төмендеп, 82-орынға тұрақтады. Сондай-ақ, алғашқы жүздіктің ішінде тағы бір қазақстандық бар. Ол – 93-ші орында тұрған Юлия Путинцева.


Екінші ондықта аздаған өзгерістер болды. Италиялық Сарра Эррани 5-ші орыннан 6-шы орынға түсіп қалса, дат спортшысы Каролина Возняцки 10-шы орыннан 8-ге көтерілді.


Ал топ басында америкалық Серена Уильямс, екінші орында беларусьтық Виктория Азаренко, үшінші орында ресейлік Мария Шарапова.


52 аптаның нәтижесі бойынша WTA рейтингісі. 19 тамыздағы нұсқасы:

1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 12260,

2 (2). Виктория Азаренко (Беларусь) - 9505,

3 (3). Мария Шарапова (Ресей) - 8766,

4 (4). Агнешка Радваньска (Польша) - 6335,

5 (6). Сара Эррани (Италия) - 5125,

6 (5). Ли На (Қытай) - 4825,

7 (7). Марион Бартоли (Франция) - 4365,

8 (10). Каролина Возняцки (Дания) - 3490,

9 (9). Петра Квитова (Чехия) - 3440,

10 (8). Ангелика Кербер (Германия) - 3420,

... 78 (82). Галина Воскобоева (Қазақстан) - 806,

73 (82). Ярослава Шведова (Қазақстан) - 779,

93 (92). Юлия Путинцева (Қазақстан) - 713,

164 (137). Сесиль Каратанчева (Қазақстан) - 374,

197 (195). Зарина Дияс (Қазақстан) – 297 ұпай.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!