Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

Фотография - Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

Өзінің кәсіпқой бокстағы 28 жекпе-жегін 2 қараша күні өткізетін Геннадий Головкиннің кезекті қарсыласы анықталды. Жерлесіміздің промоутері Том Лефлер американдық боксшы Кертис Стивенстің командасымен келісімге келіпті

149 0

Өзінің кәсіпқой бокстағы 28 жекпе-жегін 2 қараша күні өткізетін Геннадий Головкиннің кезекті қарсыласы анықталды. Жерлесіміздің промоутері Том Лефлер американдық боксшы Кертис Стивенстің командасымен келісімге келіпті.


Нью-Йорктің «Мэдисон Сквер Гарден» спорт кешенінде өтетін бұл айқасты әйгілі НВО телеарнасы көрсетеді деп күтілуде.

—   Негізі, мен бұл жекпе-жектің «Мэдисон Сквер Гарденде» өткенін қалаған жоқпын. Өйткені, Кертис Бруклин қаласының тумасы. Ал Бруклин Нью-Йорк штатына қарасты қала екенін бәріміз білеміз. Жекпе-жекті «Мэдисон Сквер Гарденде» өткізу Том Лефлердің шешімі, - деп ақтарылды Головкиннің жеке бапкері Абель Санчес. Ал Кертис Стивенс өзінің «туиттердегі» жеке парақшасына, «Не айтуым керек — жәнатта бол, Головкин!» деп жазып қойыпты. Енді сонысы үшін Генадан сазайын тартады деп сенеміз.

            Естеріңізге сала кетейік, американдық 31 жастағы бұл боксшы кәсіпқой шаршы алаңда 25 кездесу өткізіп, 22-сінде жеңіске жеткен. Оның 18-ін нокаутпен аяқтаған. Ал Головкин сегізінші мәрте чемпиондық атағын қорғамақ.

            Айтпақшы, қарашадан бөлек жерлесіміз желтоқсан айында тағы бір жекпе-жек өткізуді көздеп отыр. Өзінің бір сұхбатында аустралиялық Даниел Гил мен ағылшын Даррен Баркердің қай жеңгенімен жұдырықтасқысы келетіндігін айтқан. Жексенбі күні бұл Нью-Йоркта жұдырықтасып, 12 раундқа созылған айқаста Гил өзіні ІВҒ тұжырымындағы чемпиондық белбеуінен айрылып қалды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!