Бүгін «Шахтер» мен «Селтик» командалары кездеседі

Фотография - Бүгін «Шахтер» мен «Селтик» командалары кездеседі

 Бүгін қарағандылық «Шахтер» мен Шотландияның Глазго қаласының «Селтик» командасы Чемпиондар лигасының плей-офф рауындында кездеседі

165 0

 Бүгін қарағандылық «Шахтер» мен Шотландияның Глазго қаласының «Селтик» командасы Чемпиондар лигасының плей-офф рауындында кездеседі. Ойын «Астана-Арена» стадионында сағат 21:00-де басталады.


«Шахтердың» бас бапкері Виктор Кумыков: «Қарсылас команда Еврокубоктың мойындалған, тәжірибелі ойыншылары. Біз жаңадан келіп қосылып жатырмыз. «Селтикті» біздің ұстазымыз деуге келеді. Бірақ, біз қолбала емеспіз. Жеңісті қолдан бермеуге тырысамыз», - дейді.



«Селтик» командасының құрамы:

Қақпашылар: Фрейзер Форстер, Лукаш Залуска;


Қорғаушылар: Адам Мэттьюз, Микаэль Лустиг, Эмилио Исагирре, Эфе Амброуз, Вирджил ван Дейк, Стивен Муйоколо;


Жартылай қорғаушылар: Скотт Браун, Джо Ледли, Чарли Малгрю, Берам Кайал, Джеймс Форрест, Крис Коммонс;


Шабуылдаушылар: Дерк Бурригтер, Энтони Стоукс, Амиду Бальде, Йоргос Самарас, Тони Уотт.



Еске сала кетейік, қос команда арасындағы қарымта кездесу 27 тамыз күні, Шотландияның Глазго қаласында «Селтик Парк» стадионында өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!