2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына билеттерді сату басталуда

Фотография - 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына билеттерді сату басталуда

Бразилияда 2014 жылы футболдан өтетін әлем чемпионатының матчтеріне билеттерді сату басталады

157 0

Бразилияда 2014 жылы футболдан өтетін әлем чемпионатының матчтеріне билеттерді сату басталады.

Алдын ала өтінімдер халықаралық футбол федерациясының сайтында 10 қыркүйекке дейін қабылданады.

ВВС-дің жазуынша, егер де нақты бір ойынға билетті сатып алуға ниеттілердің саны қолжетімді билет көлемінен астып түссе, онда өтінімдер арасында лотерея жүргізіледі.

Жалпы сатылымға бағасы 15 доллардан бастап (Бразилиядағы жергілікті жанкүйер үшін ) 1 мың долларға дейінгі (финалдық матчтың қарапайым билеті үшін) 3 миллионнан астам билет түседі.

Әзірге билеттерді аталған додада өткізілетін кездесулердің мән-жайын егжей-тегжей білместен сатып ала беруге болады. Атап айтқанда, турнир бойынша жеребе тарту желтоқсанда өтеді, сондықтан да бұған дейін командалардың қандай үйлесімде және қай стадионда ойнайтындығы белгісіз.

Футбол біріншілігі Бразилияда 2014 жылы 12 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!