«Шахтер» Селтикті бірінші матчта 2:0 есебімен ұтты

Фотография - «Шахтер» Селтикті бірінші матчта 2:0 есебімен ұтты

Тамыздың 20-сы күні кешкі сағат 9-да Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңінде қазақстандық «Шахтер» мен шотландиялық «Селтик» командасы кездесіп, 2:0 есебімен «Шахтер» жеңді

191 0


Тамыздың 20-сы күні кешкі сағат 9-да Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңінде қазақстандық «Шахтер» мен шотландиялық «Селтик» командасы кездесіп, 2:0 есебімен «Шахтер» жеңді.

Бірінші голды ойынның 11-минутында команда капитаны Андрей Финонченко салды. Екінші допты шотландиялық команда қақпасына Сергей Хижниченко енгізді - деп хабарлады ҚазАқпарат

Екі команда арасындағы қарымта ойын тамыздың 28-інде Шотландияда өтеді. Қос матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен клуб чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығады, жеңілген команда Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнайды.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!