Қазақстан УЕФА рейтингінде 34-ші орынға көтерілді

Фотография - Қазақстан УЕФА рейтингінде 34-ші орынға көтерілді

Қарағандылық «Шахтёр» Чемпиондар лигасындағы Шотландия чемпионы «Селтикті» 2:0 есебімен тізе бүктіріп, еліміз қоржынына елеулі ұпай салды

104 0

Қарағандылық «Шахтёр» Чемпиондар лигасындағы Шотландия чемпионы «Селтикті» 2:0 есебімен тізе бүктіріп, еліміз қоржынына елеулі ұпай салды. Енді Қазақстан УЕФА коэффициенттер кестесінде Босния және Герцеговинаны артқа тастап, 34-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sports.kz.

Бүгінгі таңда қазақстандық клубтар 10,5 ұпай жинады («Шахтёр» - 4 ұпай, «Ақтөбе» - 4 ұпай, «Ертіс» - 2,5 ұпай), қорытынды балл - 2,625. Бұған дейін қазақстандық командалар бір маусымда 2 ұпайдан артық жинап көрмеген болатын.

УЕФА коэффициенттер кестесінде соңғы бес маусымның қорытындысы есепке алынады. Қазір Қазақстан еншісінде 7,750 ұпай бар.

УЕФА коэффициенттер кестесі:

32. Словения - 9,500

33. Молдова - 8,750

34. Қазақстан - 7,750

35. Босния және Герцеговина - 7,500

36. Финляндия - 7,175


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!