Майя Манеза бүгін перзентханадан шығады

Фотография - Майя Манеза бүгін перзентханадан шығады

Бүгін Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы өз студенті, Олимпиада чемпионы Майя Манезаны №3 перзентханадан шығарып алады

276 0

Бүгін Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы өз студенті, Олимпиада чемпионы Майя Манезаны №3 перзентханадан шығарып алады.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша тәлім алып жатқан Майя Манеза сәуір айында 2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, ауыр атлет Вячеслав Ершовпен шаңырақ құрған болатын. Оның ұзату тойын жоғары оқу орнының «Қыз Жібек» клубы «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең - қызыңды тәрбиеле» деген ұранмен өздері ұйымдастырған еді. 20 тамыз күні чемпиондар отбасында Арсений есімді торсықтай ұл өмірге келген еді.

2010 жылы Азия ойындарының жеңімпазы, 2009 және 2010 жылдары Әлем чемпионы, 2011 жылы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Майя Манеза 2012 жылы Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарында чемпион атанған болатын. Енді Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында да топ жаруды армандап жүрген М.Манеза алдағы жылдан бастап жаттығуын қайта жалғастырмақ.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!