Петр Бадло: «Екі қойды құрбандыққа шалдық»

Фотография - Петр Бадло: «Екі қойды құрбандыққа шалдық»

«Ақтөбе» футбол клубының капитаны Петр Бадло баспасөз-мәслихаты барысынада журналистерге «Ақтөбе» мен «Динамо» арасында өтетін мач алдында команданың ұстанатын наным-сенімдерімен бөлісті

208 0

«Ақтөбе» футбол клубының капитаны Петр Бадло баспасөз-мәслихаты барысынада журналистерге «Ақтөбе» мен «Динамо» арасында өтетін мач алдында команданың ұстанатын наным-сенімдерімен бөлісті. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

«Біз бір емес екі қойды құрбандыққа шалдық (күліп). Қалжыңдап отырмын. Біз бұл дәстүрді жақсы білеміз. Алайда бұл істі екінші турнир басталғанда жасап қойғанбыз»,-деді.

Сондай-ақ, Петр Бадло жауапты мач алдында команданың ұстанатын наным-сенімдері бар екенін айтты.

«Ойын болар күні біз ысқырмаймыз, тамақ жемейміз, аяқ-киімдеріміздің бауларын әртүрлі байлаймыз, әр футболшының өз ырымы да бар»,-деп атап өткен.

Естеріңізге сала кетейік, мач Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы стадионда өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. «Ақтөбе» мен «Динамо» комадалары арасындағы мачты KazSport және "Қазақстан" телеарналары тікелей эфир арқылы көрсетеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!